хабарламаға жазылу
концерт туралы
YE 2026 жылғы әлемдік тур аясында 14 тамызда Алматыда өнер көрсетеді. First Media Group компаниясы Freedom Holding компаниясымен бірлесіп 2026 ж. 14 тамызда Алматының Орталық стадионында өтетін YE TOUR 2026 аясында YE (Kanye West) концертін ұсынады. YE-нің Алматыда өнер көрсетуі өңірдегі ең маңызды халықаралық музыкалық шараға айналып, Орталық Азиядағы концерт индустриясының тарихында бұрын-соңды болмаған жаңа кезеңді ашады. Алматыда көрермендерді 2026 ж. әлемдік тур аясында әзірленген толыққанды стадиондық шоу күтеді. Бағдарламаға соңғы жылдардағы композициялармен қатар бірнеше буын тыңдармандары үшін айрықша маңызға ие болған туындылар да енеді.
